Ақпараттық хабарлама

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

6 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Бекетқызы Сұлтанованың төрағалығымен мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жұмыс тобының құрамында 9 адам бар. Олар: Қарлығаш Әжиева, Бекзат Әділжанұлы, Гүлнара Бекенова, Анара Бітебаева, Жасұлан Қуандық, Гүлбаршын Мұштанова, Серік Сейітман, Әлім Шауметов және Сәлімбай Шүнеев. Байқауға барлығы 11 өтінім келіп түсті.

Талқылау қорытындысында Сәлімбай Шүнеев жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды.
Сонымен қатар ашық дауыс беру нәтижесінде Қоғамдық кеңестің құрамы 21 адамнан тұратыны бірауыздан бекітілді. Жұмыс тобы алдағы уақытта үміткерлерді іріктеп, мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтауға кіріседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1308587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version