Автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі, заңды мекенжайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2 – автокөлікті сату бойынша ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

Аукционды өткізу тәсілі: бағаны көтеру әдісі.

Аукционның өткізілетін күні, уақыты және орны: 2026 жылғы 27 қазан, сағат 11:00, Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.

Сатылатын мүлік туралы мәліметтер (лот)

№ 1 лот

Жеңіл автокөлік

Маркасы мен моделі: BMW 520

Түсі: қара

Шығарылған жылы: 2014

Жүрген жолы: 169 136,00 км

Қозғалтқышының көлемі: 1997 см³, бензин

Жалпы техникалық жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қосымша қаражат салуды қажет етеді.

Бастапқы бағасы: 6 100,00 еуро (алты мың бір жүз еуро 00 цент).

Кепілдік жарна (бастапқы бағаның 15%-ы): 915,00 еуро (тоғыз жүз он бес еуро 00 цент).

Аукцион бағасын көтеру қадамы (бастапқы бағаның 5%-ы): 305,00 еуро (үш жүз бес еуро 00 цент).

Аукционға қатысу шарттары және өтінімдерді беру тәртібі

  1. Аукционға белгіленген мерзімде өтінім берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.
  3. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 23 қазан, сағат 18:00-ге дейін.
  4. Ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болып танылады.
  5. Аукцион жеңімпазы төлеген кепілдік жарна автокөліктің сатып алу құнына есептеледі. Қалған қатысушыларға кепілдік жарна 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  6. Аукционға қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
  7. Белгіленген үлгідегі өтінім.
  8. Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Латвия Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат.
  9. Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
  10. Аукционға қатысушылар кепілдік жарнаны төлегенге және өтінім бергенге дейін осы хабарландырумен, шарт жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жай-күйін қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті жақсартуды, өзгертуді немесе жөндеуді, сондай-ақ автокөлікті қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты қандай да бір салықтардан, алымдардан және өзге де шығыстардан босатуды талап етуге құқылы емес.
  11. Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және оның төлеген барлық төлемдері, оның ішінде кепілдік жарнасы қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аудару үшін алынатын банктік комиссия аукцион қатысушыларына қайтарылмайды. Аукцион барысында қатысушылардың өзара сөз байласуына (bid rigging), сондай-ақ сауда-саттықтың өтуіне заңсыз араласудың кез келген өзге түрлеріне қатаң тыйым салынады.

Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері

Алушы: Қазақстан Республикасының Елшілігі

Мекенжайы: Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010

Есеп айырысу шоты (IBAN): LV61UNLA0055001369902

Алушының банкі: SEB Banka

SWIFT/BIC: UNLALV2X

Төлем мақсаты: № 1 лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Сатып алушының міндеттері және автокөлікті алу тәртібі

Ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін дереу аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға міндетті.

Сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып) аударуға міндетті.

Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге қатысты барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде өз есебінен өтейді.

Мүлікті қарап шығу және байланыс ақпараты

Автокөліктің техникалық жай-күйімен, құжаттар топтамасымен танысуға, сондай-ақ өтінім бланкісін алуға мына мекенжай бойынша болады:

Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2, LV-1010.

Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Анықтама телефондары: (+371) 673-24-223, +371 28 665 394

Электрондық пошта: riga@mfa.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1308614?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version