Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.
Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 1,9 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сөгеті мен Мамай ауылдарында су қабылдағыш және су құбыры желілері іске қосылды.
Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1308096?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау