Бағдарламалық гемодиализ алатын мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емдеу ұсынылған кезде аурудың ерекшеліктері мен гемодиализ терапиясын үздіксіз алу қажеттілігі ескеріледі.
Бұл ретте емдеуші дәрігер терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациентке санаторий-курорттық емдеуді ұсынғанда гемодиализ орталығының жақын аумақтық орналасуын ескеруі тиіс. Сондай-ақ пациентке уақтылы гемодиализ терапиясын алу қажеттілігі туралы түсіндіріледі.
⚕️ Ең маңыздысы
Гемодиализ алатын адамға кез келген санаторий сәйкес келе бермейді. Жолдаманы рәсімдемес бұрын гемодиализ сеанстары үзілмейтіндей санаторийді немесе жақын орналасқан диализ орталығын алдын ала анықтап алған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1307595?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау