ІМАК 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті кеңейтілген отырыста 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарып, қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады.

Отырыс Қаржы вице-министрі Даурен Кенбеилдің және Комитет төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.

Есепті кезеңде 829 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Олардың нәтижесінде 612,9 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталып, 466,2 млрд теңге өтелді және қалпына келтірілді.

Отырыста аумақтық департаменттердің жұмыс нәтижелері және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң қаржылық тәртіпті сақтау және тиімсіз мемлекеттік шығыстарды қысқарту үшін бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Комитет отырысында Даурен Кенбеил бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейтуді, аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыруды және анықталған тәуекелдерге уақтылы ден қоюды тапсырды.

Алдағы жұмыстың басым бағыттары ретінде мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру, бұзушылықтардың алдын алу жұмысын күшейту және бюджеттік тәуекелі жоғары салаларда бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау айқындалды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1308594?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version