Көмекке бастайтын байланыс: Серік Дулаттың қызмет жолы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

  Құтқарушылар күні қарсаңында ТЖМ жүйесінде қызмет атқарып жүрген мамандар туралы әңгімелейміз. Солардың бірі – Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Серік Дулат.

  Серік Дулат 2023 жылдан бері азаматтық қорғау саласында қызмет атқарып келеді. Оның негізгі міндеттеріне ақпараттық жүйелер мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, сондай-ақ ақпарат алмасу үдерістерін жетілдіру кіреді.

  Бүгінде цифрландыру мен заманауи байланыс құралдары төтенше жағдайлардың алдын алуда және оларға жедел ден қоюда маңызды рөл атқарады. Осы бағытта ол өз білімін және кәсіби тәжірибесін қолданып, бөлімшенің тұрақты әрі сапалы жұмысын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.

  «Мен үшін бұл қызмет – үлкен жауапкершілік. Өйткені үздіксіз байланыс пен ақпараттың уақтылы берілуі төтенше жағдай кезінде жедел шешім қабылдаудың маңызды негізі болып табылады. Өз ісіңе адал болу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу – мен үшін үлкен мәртебе», – дейді Серік Дулат. Кәсібилік, жауапкершілік және заманауи технологиялар – қауіпсіздік қызметінің сенімді негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1308574?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version