Күздің алтын жапырақтары

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесі аясында экологиялық тәрбие беруге арналған «Күздің алтын жапырақтары» атты ойын-сайыс өткізді.

Кітапхана қызметкері шараны күз мезгілінің ерекшеліктері туралы танымдық әңгімеден бастап, қатысушыларды табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстырды. Көкөністер, жемістер мен жидектердің пісуіне, ауа температурасының төмендеуіне, жапырақтар түсінің өзгеруіне, сондай-ақ жыл құстарының не себептен жылы жаққа ұшып кететініне тоқталды.

Іс-шара барысында оқушылар «Жемістер» және «Көкөністер» болып екі топқа бөлініп, түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларды қамтитын «Ұйқасын тап», «Сөзді жалғастыр», «Кім жылдам», «Мәнерлеп оқу» сияқты кезеңдерден тұратын ойын-сайысқа қатысты.

Ойын-сайыс соңында «Жемістер» және «Көкөністер» топтары арасында нәтижелер қорытындыланып, тақырыптағы көркем және танымдық материалдарды қамтитын «Күз – береке, күз – мереке» атты тақырыптық кітап сөресіне шолу жасалды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1308539?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version