Мамандық таңдау — болашақты таңдау!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Алтай қаласындағы №6 және №7 орта мектептердің 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері, негізгі білім беру бағыттары және оқу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Оқушылар оқу орнына түсу талаптары, қажетті құжаттар, мамандықтар, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінде қызмет етудің болашағы туралы мәлімет алды.
Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құтқарушы мамандығының ерекшеліктері туралы айтып өтті. Бұл салада қызмет ету жоғары жауапкершілікті, тәртіпті, төзімділікті және адамдарға әрдайым көмек көрсетуге дайын болуды талап ететіні атап өтілді.
Осындай кездесулер мектеп түлектеріне болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және азаматтық қорғау саласында білім алу мүмкіндіктері туралы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1308377?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version