2026 жылғы 9 қазанда Ақтау қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48 COM 8B.20 шешімін іске асыру жөніндегі өңірлік жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – Маңғыстаудың жартасты мешіттері мен олармен сабақтас киелі нысандарды сақтау, қорғау және басқару бағытындағы жұмыстарды талқылау, сондай-ақ тиісті іс-шараларды іске асыру мерзімдері мен алдағы міндеттерді айқындау. Атап айтқанда, Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Сұлтан үпі және Шақпақ ата жерасты мешіттерін сақтау, қорғау және олардың тарихи-мәдени құндылығын келер ұрпаққа жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тарихи-мәдени мұра нысандарын түгендеу, оларды консервациялау стратегиясы, интеграцияланған басқару жоспары, мониторинг жүргізу және қаржыландыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар буферлік аймақтарды белгілеу, жерді пайдалану, қала құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту, келушілер ағынын басқару, туризм мен зиярат ету бағыттарын реттеу мәселелеріне назар аударылды.
Осы кездесуге шақырылған мүдделі мемлекеттік органдар, аудандардың өкілдері қайырылымдық қоғамдық қорларының басшылары өңірдегі жерасты мешіттерін сақтау, қорғау бағыты бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – Маңғыстаудың туристік әлеуетін тұрақты дамытудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте халықаралық талаптарды ескере отырып, киелі нысандарды қорғау мен туристік қызметті тиімді ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру ерекше маңызға ие.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1308541?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау