Мойынқұм ауданында аз қамтылған отбасылардың үйлеріне улы газ датчиктері орнатылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жылыту маусымы қарсаңында Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудан прокуратурасы, аудандық полиция және Жастар ресурстық орталығының еріктілері бірлесіп, Мойынқұм ауылындағы аз қамтылған отбасылардың үйлерінде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және улы газдан сақтану талаптары түсіндіріліп, үйлеріне улы газ датчиктері орнатылды. Мамандар тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржалар мен пештердің жарамдылығын тұрақты тексеру және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1307880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version