Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Павлодар облысындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерімен танысты
Жұмыс сапары аясында Ерболат Садырбаев Павлодар мұнай-химия зауытына барып, кәсіпорынның өндірістік қызметінің ерекшеліктерімен және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуымен танысты.
Сондай-ақ, кеңес өткізіліп, оның барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы, авариялардың алдын алу және өңірдегі қауіпті өндірістік объектілердегі тәуекелдерді төмендету мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмыстың алдағы басым бағыттары айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1308524?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау