Профилактикалық бақылау түріндегі тексерулерді жүргізу

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылау, оның ішінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу және оған жол бермеу, кемшіліктерді уақтылы анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
Профилактикалық бақылау жүргізу барысында Департамент мамандары объектілердің белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкестігін тексереді. Атап айтқанда, кіреберіс топтарының жағдайы, пандустардың және қолжетімділікті қамтамасыз ететін өзге де құралдардың болуы мен талаптарға сәйкестігі, жүріп өту жолдары мен есік ойықтарының ені, санитариялық үй-жайлардың қолжетімділігі, ақпараттық навигацияның болуы және мүгедектігі бар адамдардың өз бетінше әрі қауіпсіз қозғалуына қажетті басқа да элементтер қаралады.
Профилактикалық бақылау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне заңнамада белгіленген тәртіппен нақты анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері көрсетіле отырып, оларды жою туралы нұсқама (ұсыным) беріледі.
Бұл ретте профилактикалық бақылаудың маңызды қағидаты – бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар бақылау субъектілеріне оларды уақтылы жоюға және алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге жәрдем көрсету.
Мемлекеттік инспектордың заңды талаптары орындалмаған немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (ӘҚБтК) көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады.
Осылайша, профилактикалық бақылау заңнама талаптарының сақталу деңгейін арттыруға, анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады.
Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Департамент берілген нұсқамалардың орындалуына бақылау жүргізеді, жиі анықталатын бұзушылықтарға талдау жасайды және олардың қайталануына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Жалпы, профилактикалық бақылау құқық бұзушылықтардың алдын алудың және мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің тиімді тетігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1307916?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version