«Қаламы қарымды, сөзі салмақты жазушы»

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 7 қазан күні Алмалы ауылдық кітапханасында жазушы Жанат Елшібектің «Жетім жұрт» повесіне және «Қош бол, теңіз» кітабының жарық көргеніне 25 жыл толуына орай «Қаламы қарымды, сөзі салмақты жазушы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференция барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, «Жетім жұрт» повесінің мазмұны мен көтерген тақырыптары талқыланды. Оқырмандар шығармадағы негізгі ойға тоқталып, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен адамгершілік қасиеттері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, «Қош бол, теңіз» кітабының әдебиеттегі орны мен маңызына тоқталып, оқырмандар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар жазушы шығармаларының тағылымдық мәні туралы ой бөлісіп, кітап оқудың рухани маңызын атап өтті. Оқырмандар конференциясы мазмұнды өтіп, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1307958?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version