2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Қарақия ауданының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын жинақтау мақсатында QR-кодтар таратты.
Азаматтарға QR-кодтарды пайдалану арқылы өз өтініштері мен ұсыныстарын ыңғайлы түрде жолдау мүмкіндігі түсіндірілді. Бұл жұмыс тұрғындармен кері байланысты нығайтуға, олардың мәселелерін зерделеуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қауіпсіздік – ортақ міндет!
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі.
Қарақия ауданының полиция бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1308564?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау