Құтқарушылар күні: Қауіпсіз ғимарат – қорғалған өмір

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімі ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалап, ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Бөлім мамандарының қызметі нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірін қорғауға негізделген.

Құтқарушылар күні қарсаңында «112 Шымкент» бағдарламасының арнайы түсірілімі ұйымдастырылып, бөлімнің негізгі қызмет бағыттары, мамандардың кәсіби жұмысы және нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі таныстырылды.

2026 жылы жұмысын бастаған бөлім мамандары құрылысы аяқталған нысандардың жобалық құжаттамаға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін өз құзыреті шегінде бағалайды. Тексеру барысында эвакуациялық шығу жолдарының жағдайына, өртке қарсы жүйелердің талаптарға сәйкестігіне және адамдарды қауіпсіз эвакуациялауға қажетті жағдайларға назар аударылады. Әсіресе биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай болатын нысандардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі.

Бөлім жұмысы нысандардың қауіпсіздігін бағалаумен ғана шектелмейді. Мамандар өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды талдап, күрделі өрт оқиғаларының себептерін зерделейді және олардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін қарау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және Департамент бөлімшелеріне әдістемелік қолдау көрсету де негізгі міндеттер қатарына кіреді.

Техникалық нормалау бөлімінің қызметі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бағалауға, ықтимал тәуекелдерді анықтауға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған. Өйткені қауіпсіз ғимарат – ең алдымен, адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1308463?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version