07 қазанда Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында салық төлеушілердің салық заңнамасын қолдануға, соның ішінде жеке тұлғалардың табыс салығына, әлеуметтік салыққа және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.
Сондай-ақ, шара кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша сауалнама жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1308559?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау