«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шортанды ауданының прокуратурасы Шортанды ауданының полиция бөлімімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар Степногорск қаласындағы №5 мекемеге барып, сотталғандарды ұстау жағдайларымен және қылмысты қайталап жасаудың салдарымен танысты.
Осындай іс-шара кәмелетке толмағандармен де өткізілді. Олар полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына және шағын жедел басқару орталығына барды.
Іс-шаралардың мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1308140?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау