Бүгін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында №11 шағын ауданындағы Әлімбетова көшесі, 203, 205, 207 үйлер, Орынбай ақын көшесі, 95А, 95Б, 97 көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарына және №36 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, көпбалалы 2 отбасының тұрғын үйлеріне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 дана қауіпсіздік тросы (блокиратор) орнатылды.
Құрметті ата-ана!
Балаңызды терезе маңында қараусыз қалдырмаңыз. Терезелерге арнайы қауіпсіздік құрылғыларын орнатып, балаңыздың қауіпсіздігіне мұқият болыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1307496?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау