Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Атап айтқанда, бірқатар істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы, қылмыстық-құқықтық саралау, қабылданған процессуалдық шешімдер және сот актілеріне қатысты сауалдарын қойды.
Кейбір азаматтар қылмыстық істердің толық, жан-жақты әрі объективті тергелуін сұрап, полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді өтінді.
Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қолданылған шаралардың заңдылығына қатысты шағымдар айтылды. Азаматтардың әрбір мәселесін жеке тыңдаған Арыстанғани Заппаров жауапты құрылым басшыларына өтініштерді үстірт қарамай, заң талаптары аясында зерделеуді тапсырды.
– Әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмауы тиіс. Заңдылық сақталып, қабылданған шешімдердің орындалуы қамтамасыз етілуі қажет, – деп атап өтті Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1308520?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау