VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың
кезекті 40-сессиясы туралы
Хабарландыру:
VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы 2026 жылдың 15 қазанында сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде жылу маусымына дайындықтың барысы туралы.
А.Тұрлыбеков – аудан әкімінің орынбасары
- Аудан бойынша білім бөлімі саласындағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы.
Е.Шакеев – Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
- Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы туралы.
С.Маусымбаев – сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
- Егінсу, Көлденең ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы
Ауылдық округтердің әкімдері
- Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, депутаттық өкілеттік және этикасы, салық, заңдылық, денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, жанұяны қорғау, жастар мен мүгедектер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы
Ж.Акласова – тұрақты комиссия төрағасы.
- Әр түрлі мәселелер.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.
Үржар аудандық
мәслихатының төрағасы А.Омаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/urdzhar-maslihat/press/news/details/1307528?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау