2026 жылдың 09 қазанында Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормаларын, қызметтік және жеке автокөлікте жол қауіпсіздік ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, қызметшілерге жұмысқа уақытылы келу және жұмыстан белгіленген уақытта кету, іскерлік киім үлгісін сақтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару барысында өзін-өзі ұстау мәдениеті жөнінде түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, объектілерге бару кезінде қызметтік әдеп талаптарын сақтау, азаматтармен және басқа да тұлғалармен қарым-қатынас барысында сыпайылық пен әдептілік таныту, қызметтік бейнетіркегішті (видео жетонды) тексеру барысында міндетті түрде қосып, оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1308579?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау