Жас құтқарушының жолы неден басталады?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Құтқарушылар күні – 19 қазан қарсаңында “Центр Школьник” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Жас өрт сөндіруші” үйірмесінің тәрбиеленушілері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт-техникалық көрмесіне (мұражайына) барды.

         Балалар өрт сөндіру-құтқару қызметінің тарихымен танысып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы мағлұмат алды. Арнайы техника мен құрал-жабдықтарды көріп, мұражайдағы құнды жәдігерлерге қызығушылық танытты.

         Жас қонақтарға қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған құтқарушыларға арналған стела ерекше әсер қалдырды.

         Балалар стела алдында ел қауіпсіздігі жолында өмірін қиған батырлардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

         Мұндай кездесулер балаларға құтқарушы мамандығы туралы тереңірек білуге ғана емес, батылдық пен жауапкершіліктің, Отанға және өз ісіне адалдықтың қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1307442?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version