2026 жылдың 10 қазанында сағат 09:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 10 қазанында сағат 09:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде:

1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. «Алатау қаласы Алатау қаласы мәслихатының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы».

3. Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 8-22 «Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Алатау қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

5. Алатау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alatau/press/news/details/1308740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version