Қазақстан мен Руанда екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Найроби, 2026 жылғы 8 қазан – Руанда Республикасында қоса атқаратын Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Руанда Республикасының мемлекеттік Сыртқы істер министрі доктор Уста Кайтесимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Руанда арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту және сауда мен инвестициялар, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапы Руанда Президенті Поль Кагаменің 2025 жылғы 27-29 мамырда Астанаға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты Іскерлік кеңестің қызметіне, сирек жер металдары кен орындарын игеру саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ көлік және логистика мәселелері жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруға ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси консультациялардың кезекті раундын өткізу, Руанданың Қазақстанда өкілдігін ашу және Қазақстан Республикасының Руандадағы Құрметті консулын тағайындау мүмкіндіктерін талқылаумен қатар достық топтарын құру арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды жандандыру перспективаларын да қарастырды.

Көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылға, халықаралық органдарға кандидатураларды өзара қолдауға және Қазақстанның БҰҰ-ның аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.

Осы кездесу Қазақстан мен Руанданың екіжақты әріптестікті одан әрі дамытуға және өзекті өңірлік әрі халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1308634?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version