Құрметті кәсіподақ саласының ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен белсенділері, әріптестер!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сіздерді Қазақстан кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға өз үлесін қосып жүрген барша азамат үшін айрықша күн.

Кәсіподақтар – ең алдымен, еңбек адамының мүддесін қорғап, құқықтарын қамтамасыз етуге, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және лайықты ақы төленуіне ықпал етіп жүрген адамдар. Ауқымды әрі маңызды жұмыстың артында жауапкершілік, табандылық және азаматтардың, олардың отбасыларының әл-ауқатына деген шынайы қамқорлығы тұр.

Бүгінде Қазақстанда 530 кәсіподақ ұйымының құрамында шамамен 2,9 миллион жұмыскер тіркелген. Бұл – маңызды көрсеткіш әрі үлкен жауапкершілік. Өйткені әрбір санның артында нақты адам, оның еңбегі, отбасы және ертеңгі күнге деген сенімі бар.

Биыл еліміздің өңірлерінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға арналған форумдар, кездесулер және басқа да іс-шаралар өтті. Олар ашық диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және жұмыскерлердің мүдделеріне тікелей қатысты мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіподақтармен сындарлы өзара іс-қимылға жоғары мән береді. Мемлекет, жұмыс берушілер және жұмыскерлер өкілдері күш біріктіргенде ғана еңбек қатынастарын жүйелі түрде жетілдіріп, адамның еңбегі лайықты бағаланатын және құрметтелетін жағдай қалыптастыра аламыз.

Әрбір жұмыскер өз құқықтарының қорғалатынын, еңбегінің бағаланатынын және қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда екенін сезінуі біз үшін аса маңызды.

Кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздердің көп жылғы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен кәсіподақ ісіне деген адалдықтарыңыз еліміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосты. Жинақтаған тәжірибелеріңіз бен қалыптастырған дәстүрлеріңіз жас буын басшылары мен белсенділеріне үлгі болып, өз жалғасын табатынына сенімдімін.

Кәсіподақтардың барлық өкілдеріне күнделікті еңбегі, бастамашылдығы және әділ әрі жауапты еңбек қатынастарын нығайтуға қосып жүрген үлесі үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен жоғары бағалауға ие болып, нақты нәтижелерге ұлассын. Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы одан әрі дамып, нығая берсін және еңбек адамының мүддесін тиімді қорғау жолындағы маңызды қызметін абыроймен жалғастыра берсін.

Қазақстан кәсіподақтары күні құтты болсын!

Баршаңызға толағай табыс, жаңа жетістіктер және жарқын болашаққа деген сенім тілеймін!

 

Ізгі ниетпен,

ҚР Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

Асқарбек Ертаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1308669?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version