Құрылыс, Шеңбертал және Жаныс би елді мекендерінде халықпен кездесу өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ырғыз ауданының әкімі Р. Өтешов жұмыс сапары барысында Қызылжар ауылдық округіне қарасты Құрылыс, Шеңбертал және Жаныс би елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, ауылдардағы өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесулер барысында тұрғындар елді мекендердің қазіргі жағдайына қатысты ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін білдіріп, күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін бірқатар мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, аяқталмаған құрылыс нысандары, қыс мезгілінде ауылішілік жолдарды қардан тазалау, елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер сөз болды.

Аудан әкімі тұрғындардың әрбір ұсынысы мен көтерген мәселесін назарға алып, жауапты сала басшылары мен мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1308731?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version