ШҚО-да инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық берілуде

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысына қатысты. Жиында инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты жүйелі мәселелер қаралды.

Инвестиция тарту – өңір экономикасын дамытудың, жаңа өндірістерді іске қосудың және халықты тұрақты жұмыспен қамтудың маңызды тетігі. Осы бағытта Шығыс Қазақстанда бірқатар жоба жүзеге асырылып, инвестициялық әлеуетті арттыру жұмыстары жалғасып келеді.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыстың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 511 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,6 пайызға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялық белсенділіктің оң динамикасын көрсетеді.

ШҚО Туризм және инвестиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық портфеліне жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 103 жоба енгізілген. Оларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам жұмыс орнын ашылмақ. Жобалардың басым бөлігі энергетика, туризм, тау-кен металлургиясы және агроөнеркәсіптік кешен салаларын қамтиды. Бұл бағыттар облыстың экономикалық әлеуетін кеңейтіп, жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады. Биылдың өзінде жалпы құны 30 млрд теңге болатын 16 инвестициялық жоба іске қосылды. Жаңа жобалардың жүзеге асуы өңір экономикасының дамуына серпін беріп, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.

Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысында инвестициялық ахуалды жақсарту және жобаларды іске асыру кезінде туындайтын жүйелі мәселелерді шешу мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, бизнес бастамаларды қолдауға және жоспарланған жобалардың уақтылы жүзеге асуына бағытталған.

Шығыс Қазақстанда инвестиция тарту, кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы орта қалыптастыру және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасып келеді. Негізгі мақсат – өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланып, өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аймақтың тұрақты дамуына жағдай жасау.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1308628?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version