“ЗАҢДЫ КҮЛКІ” ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ БЕРДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкентте заң мен тәртіпті насихаттайтын республикалық «Заңды күлкі» Жайдарман ойыны өтті. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен ойында республикадағы үздік командалар бақ сынады.

«Заңды күлкі» — бұл қоғамның құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, заң үстемдігін дәріптеуге арналған арнайы республикалық «Жайдарман» жобасы. Елімізде дәстүрге айналған жобаны Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.

Департамент өкілдерінің айтуынша, қаржылық қауіпсіздік мәселесінде жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Жастар өз құқықтарын білуі керек, сонымен қатар, өзгенің құқығын құрметтеуі қажет. Қазіргі заманғы алаяқтық түрлерінен дропперліктен, лудоманиядан, қаржылық пирамидалардан аулақ болған жөн.

“Қызғалдақ” сарайында өткен іс-шарада командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізді. Әзіл арқылы да пайдалы ақпарат берді.

Қазылар алқасының шешімімен Ташкент қаласынан келген “Шум балалары” бірінші орынды жеңіп алды. “Ақпен бірге” командасы екінші, “Шапалақ” командасы жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Ұйымдастырушылар жайдарман жобасын өзге өңірлерде де өткізуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1308715?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version