ЖАҚЫН АРАДА ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Түркістанда бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа спорт нысаны пайдалануға берілмек. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жаңадан салынған кешендерді аралап, құрылыс жұмыстарының сапасы мен нысандардың ашылуға дайындығын аралады.
Алдымен қала басшысы Баянауыл шағынауданындағы Қобыз көшесінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешенінде болды. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалардың спортпен тұрақты айналысуына барлық жағдай қарастырылған. Кешенде заманауи жаттығу залы, үстел теннисіне арналған алаңдар және балалардың қажеттіліктеріне бейімделген спорттық инфрақұрылым бар.
Сонымен қатар, Теріскей көшесіндегі жаңа спорт кешенінің дайындығымен танысты. Нысанда садақ ату, тоғызқұмалақ, күрес және бокс залдары, футбол мен әмбебап ойын алаңдары, заманауи жаттығу залы жабдықталған. Кешен тұрғындардың спорттың әртүрлі түрімен айналысуына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында тұрғындарға қызмет көрсететін 265 спорт нысаны бар. Олардың қатарында 2 спорт сарайы, 3 стадион, 5 спорт кешені, 6 жүзу бассейні және 18 теннис корты бар.
Жақын арада ел игілігіне берілетін жаңа нысандар Түркістанның спорттық инфрақұрылымын толықтырып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жаңа мүмкіндік бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1308728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version