Газбен жабдықтау ауқымын кеңейтуде «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы маңызды рөл атқарады. Жоба аясында Көкшетау қаласына, Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарына табиғи газ жеткізіледі.
Сонымен қатар облыста газбен жабдықтау аумағын кеңейту мәселесі пысықталып жатыр. Атап айтқанда, Степногорск қаласын, Астрахан, Сандықтау аудандарын және Біржан сал ауданын газ магистраліне қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағыттағы түпкілікті шешімдер техникалық және жобалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1308833?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау