Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Қанат Есболатов, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.

Сессия барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, облыстық бюджетке өзгерістер енгізуге, сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізуге және учаскелік комиссиялар туралы ережені келісуге қатысты мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз баяндама жасап, Алматы облысының 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды таныстырды.

Талқылау барысында басымдыққа ие емес шығыстарды оңтайландыру, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлу мәселелері қаралды. Негізгі назар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және үнемделген қаражатты өңір үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағыттауға аударылды.

Аталған ұсыныстар депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, өңірдің өзекті қажеттіліктері мен бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылды.

Содан кейін Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 34-155 «Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу,  учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу мәселесі талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1308813?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version