ОРАЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдауға бағытталған санитарлық-экологиялық айлық аясында кезекті сенбілік өткізілді. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметшілер қатысып, Абай даңғылы бойында 22 қайың көшетін отырғызды. Бұл күні шаһардың өзге аумақтарында да жастар және ниет білдірген тұрғындардың күшімен 170 түп тал егілді.
Орал қаласындағы дендрологиялық жоспарға сәйкес 109 мың түп ағаш есепке алынған. Олардың санитарлық жағдайы анықталып, кесу, көшіру немесе сақтап қалу бойынша сала мамандары мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тиісті шешімдер қабылданады.
Айта кетейік, биыл облыс елді мекендерінде 47 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінге дейін 37 мың түп көшет егілді.
Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет, сондықтан әрбір тұрғынның қоршаған ортаны таза ұстауға қосқан үлесі маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1308766?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау