Құрметті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Сіздерді Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға маңызды рөл атқарады.
Жауапты еңбектеріңіз, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1308796?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау