2026 жылғы 30 мамырда Зайсан қаласындағы «Сауыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың және Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байелдің тікелей қолдауымен әрі қатысуымен қазақ-әзербайжан достығы оқу кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Жоба білім беру және мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, дарынды оқушыларды қолдауға және өскелең ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Жобаның инвесторы — «Buta Group» компаниясы. Кабинет заманауи құрал-жабдықтармен, жиһаздармен және интерактивті білім беру материалдарымен жабдықталды.
Бастаманың басты мақсаты — екі мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға арналған мемлекетаралық гранттық орындар бөлу. Осы қолдаудың арқасында биыл мектептің 3 түлегі — Есен Айзере («Психология», Baku State University), Қайырғазы Айзере («Халықаралық қатынастар», Baku State University) және Сұңғат Салих («Стоматология», Azerbaijan Medical University) Әзербайжанның абыройлы ЖОО-ларына оқуға түсіп, білім алуға аттанды. Енді мұндай гранттар шеңберінде түлектерді Әзербайжан Республикасына оқуға бағыттау жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асырылып отырады.
Біздің студенттер Бакуда! Елші мырзаға қолдауы үшін алғыс айтамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1308781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау