Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жер, қураған талдарды кесу бойынша сауалдар қойылды.

Сонымен қатар пәтерді жекешелендіру, Дорожник» алабындағы “24 сағат” дүкенінің алдына жаяу жүргіншілер жолағын орнату,  №27 қоғамдық көліктің жүру бағытын өзгерту және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.

Шаһар басшысы әрбір мәселе заң аясында, жоспарға сай кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, жеке сұрақтар бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1308986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version