Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «АураМед» балаларды оңалту орталығына барды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сапар барысында балаларға көрсетілетін оңалту көмегінің ұйымдастырылуымен, кабинеттердің жабдықталуымен, жүргізілетін емдік-оңалту шараларымен және негізгі емдеу бағыттарымен танысты.

Әсіресе балалардың церебралды сал ауруы (БЦСА), сөйлеу тілінің дамуының тежелуі (СТДТ), психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі (ПСТДТ) және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға көрсетілетін көмектерге ерекше назар аударылды.

Ерте және кешенді оңалтудың баланың қимыл-қозғалыс, сөйлеу және танымдық функцияларын дамытуға, асқынулардың алдын алуға және мүгедектіктің қалыптасу қаупін төмендетуге бағытталған мүмкіндіктері талқыланды.

Ерте анықтау, уақтылы емдеу және жүйелі оңалту — баланың денсаулығы мен толыққанды дамуын қолдаудың маңызды құрамдас бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1309292?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version