Қарттарын қастерлеген ауыл: 1 қазан – Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылымызда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген мерекелік іс-шара өтті. Салт-дәстүрімізді сақтап, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді ұлықтаған бұл кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне ауыл әкімдігінің қызметкерлері атсалысып, үлкендерге арнап ақ дастархан жайды. Ал ауыл әкімі қарттарға көрсетілген шынайы қонақасы ретінде арнайы 1 тоқты атап, батагөй қарияларымызға сый-құрмет көрсетті. Мерекенің сәнін келтіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында мектеп ұжымы арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Жиын барысында ауыл әкімі Б. Калиев пен мектеп директоры М. Конкабаев сөз сөйлеп, қазыналы қарттарымызды мерекемен құттықтады. Олар ауылдың дамуына, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ардагерлерімізге жылы лебіздерін білдіріп, түрлі марапаттау грамоталарын табыс етті.

Кештің басты қонақтары – ауылдың Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мырзахан ата, сондай-ақ ардақты қарияларымыз Қожа мен Әлібек аталар, ақ жаулықты Халима, Сәбила, Зибагүл, Күлпаш, Гүлсім, Дәмелі әжелеріміз болды. Олар өз кезегінде жас ұрпаққа ақ баталарын беріп, жүрекжарды тілектерін айтты. Сонымен қатар, қойылған түрлі сұрақтарға мағыналы жауап беріп, өздерінің өнерлерін көрсетіп, кештің көркін қыздырды.

Мереке соңында ауыл қариялары ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тіледі. Қариясы бар үйдің қазынасы бар. Жүздерінен күлкі кетпеген қарттарымыз аман болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-akkol/press/news/details/1309092?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version