Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Қауіпсіздік өз үйіңіздің табалдырығынан басталады!
Полиция ескертеді:
Пәтер ұрлығының алдын алу: тұрғындарға есік-терезелерді сенімді құлыптау және үйден шығарда қауіпсіздікті тексеру қажеттігін түсіндіру.
Бейнебақылау жүйелері: аулалар мен кіреберістердегі камералардың жарамдылығына назар аудару.
Жалға берілетін пәтерлер: заң талаптарының сақталуын тексеру және тұрғындарды заңнама талаптары туралы хабардар ету.
Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс жүргізу.
Тұрғындармен кері байланыс: олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдау, құқық бұзушылық туралы хабарлау жолдарын түсіндіру.
Аула қауіпсіздігі: кіреберістердің жарықтандырылуы, бөгде адамдардың күмәнді әрекеттері және қоғамдық тәртіп мәселелеріне назар аудару.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1309282?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау