Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Миссис Элегантность – 2026» байқауы өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Байқауға Державинск қаласы мен ауданның ауылдық елді мекендерінен 21 ару әже қатысып, сұлулықтың, әсемдіктің, шығармашылықтың және белсенді өмір салтының жасқа қарамайтынын көрсетті. Байқау бірнеше қызықты кезеңнен тұрды. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздері, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелесе, «Заманауи ханым» дефилесінде сәнді образдарын ұсынды. Ал «Ұлттық нақыш» кезеңінде ұлттық киімдердің әсемдігін көрсетіп, салт-дәстүрге деген құрметтерін танытты. «Шығармашыл ханым» кезеңінде қатысушылар ерекше костюмдерімен, тың идеяларымен және қиял ұшқырлығымен көрермендерді тәнті етті. Байқау қорытындысы бойынша «Миссис Элегантность – 2026» атағын Державинск қаласының тұрғыны Ляйла Асаиновна Жанбирбаева жеңіп алды. Барлық қатысушылар белсенділігі мен байқауға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шара қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш пен жылы әсер сыйлады. Жас – сұлулыққа, шабытқа және жаңа жетістіктерге кедергі емес!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1309102?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version