АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері және тиісті сала жетекшілері қатысты.

🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, қысқы мезгілге мал азығын дайындау жұмыстары және “Ауыл аманаты”
жобасының іске асырылу барысы туралы талқыланды.

🔹️ Қысқы мезгілге мал азығын дайындау жұмыстары және “Ауыл аманаты” жобасының іске асырылу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алдияр Арсланбек Алтынбекұлы баяндама жасады.

🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1309369?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version