Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасымен «ЖАН-АМИ и К» ЖШС-нің заңсыз қызметінің жолы кесілді.
Тексеру барысында кәсіпорынның 2024–2025 жылдары тиісті мемлекеттік лицензиясыз 1 400 тоннадан астам қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асырғаны анықталды.
Заңсыз қызмет нәтижесінде серіктестік 393 млн теңге көлемінде табыс алған.
Прокуратура материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, оны Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді.
Ағымдағы жылғы 17 тамызда Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен ЖШС директоры Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот оған мүлкін тәркілей отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде сотталған адам негізгі жазадан босатылды. Бұл ретте 393 млн теңге заңсыз алынған табысы мемлекет кірісіне өндірілді.
Сот үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1309354?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау