Балабақша тәрбиеленушілеріне жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілеріне жол қозғалысы ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге жолдан өту тәртібі, бағдаршамның түстері, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану және жол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, балаларға жол қозғалысы ережелерін ерте жастан үйренудің маңыздылығы айтылып, көшеде мұқият болып, жолдан өту кезінде сақтық таныту қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

✅ Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1309388?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version