Қаратал ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған жиын өткізілді.
Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, мал ұрлығының, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларының, нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қауіп-қатер белгілеріне бейжай қарамау қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша округ аумағындағы барлық мекемелердің жауапты қызметкерлеріне тиісті бағыттар бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту, жастармен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1309318?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау