Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Палестина арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.

Сонымен қатар, гуманитарлық ынтымақтастыққа, оның ішінде палестиналық студенттерге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттарын бөлу мәселелеріне назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1309471?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version