«Заң және тәртіп» қағидаты аясында аудан әкімінің орынбасары Айнұр Сұлтанова Көкентау ауылын аралап, тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесті.
Аралау барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлеріне күл-қоқысты уақытылы тазалап, өздеріне тиесілі аумақтардың тазалығын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселелері айтылды.
Тазалықты сақтау-баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын мен кәсіпкер елді мекеннің көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-kokentau/press/news/details/1309493?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау