Шымкентте кәмелетке толмағандар арасында экстремистік және радикалды идеологияның таралуының алдын алуға бағытталған спорт ұйымдарының өкілдерімен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға ҰҚКД, қала әкімдігінің, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, спорт мекемелерінің басшылары және теологтар қатысты.
Кездесуде қатысушыларға жастардың радикалды ағымдарға тартылуына байланысты заманауи қауіп-қатерлер, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға ықтимал теріс ықпал етудің негізгі белгілері түсіндірілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде анықтау, түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жаттықтырушылардың, ата-аналардың және мемлекеттік органдардың өзара тығыз іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға жастар және спорттық ортада радикалды идеологияның таралуының алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастыру және барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын нығайту қажеттілігі атап өтілді.
Ұйымдастырушылар ата-аналарды, педагогтар мен жаттықтырушыларды жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамауға, олардың араласатын ортасы мен интернеттегі белсендігіне назар аударуға, ал алаңдаушылық туындаған жағдайда уақытылы құзыретті органдарға жүгінуге шақырады.
Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1309550?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау