Шахтинск қаласында мектептер мен балабақшалар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанына ақпараттық құрылымдар орнатылды.
Құрылымдар келесі нысандардың маңында орналастырылды:
– «С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
– «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия» КММ;
– «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ;
– № 7 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК;
– «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК және «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК;
– «Е. Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ және «Ботагөз» бөбекжайы» КМҚК;
– «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ және «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК;
– Жеңістің 40 жылдығы көшесі («Гиппократ» емханасының аялдамасы).
Құрылымдар жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтаудың және жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде мұқият болудың қажеттігін еске салады.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1309852?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау