МЕЙІРІМ, ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ЫҚЫЛАС – ӘРБІР АДАМҒА!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

10 қазанда Новодолинский кентінде Мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шара өтті.

Бұл күні ерекше қамқорлықты, қолдау мен шынайы жылулыққа зәру балаларға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар үшін музыкалық бағдарлама және шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара балаларға өз қабілеттерін ашуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға мүмкіндік берді.

Осындай кездесулер бір–бірімізге жанашырлық танытудың, мейірімділік пен қайырымдылықтың маңыздылығын еске салады. Әрбір адам өзін қоғамның қажетті әрі маңызды мүшесі ретінде сезінетін орта қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет.

Осы күннің ерекше әрі есте қаларлықтай өтуіне үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін кент кәсіпкерлеріне:

* ЖК Богородская К.П.;

* ЖК Филимончева В.Н.;

* ЖК Ганенко Д.;

* ЖК Маймакова С.Д.;

* ЖК Липатова А.С.;

* ЖК Агибаева С.М. алғыс айтамыз.

Сонымен қатар шығармашылық шеберлік сабағын өткізген Кохқа Изабелла, қолдауы мен жанашырлығы үшін депутат Максат Жумабаевичке, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысып, қолдау көрсеткен Жастар ресурстық орталығына ерекше алғыс білдіреміз.

 Қолдау білдіріп, бейжай қалмай, осы игі іске өз үлесін қосқан әрбір жанға рақмет! Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен ізгі жүректеріңіздің арқасында балаларға қуаныш сыйлап, оларға қамқорлық пен қолдаудың әрдайым бар екенін сезіндіре аламыз.

Осындай игі істер баршамызды біріктірсін! Әр жүректе мейірім мен жанашырлық ұялап, әр шаңырақта денсаулық, береке-бірлік және жан жылуы салтанат құрсын!

 «Новодолинский кенті әкімнің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1309884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version