Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне
Саран қаласының жергілікті бюджетінен біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.
Төлем мөлшері:
* 5 АЕК (21 625 теңге) – I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
* 10 АЕК (43 250 теңге) – мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға.
Аталған шара мүгедектігі бар азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Егер адамда бірнеше негіз болса (мысалы, 8 наурызға орай көп балалы отбасыларға және марапатталған аналарға, Жеңіс күніне орай – тыл еңбеккерлеріне төлем жүргізілді), төлем олардың біреуі бойынша ғана – сомасы ең көп болатын жағдайда тағайындалады.
Осылайша, егер ағымдағы жылы төлем Жеңіс күні мерекесіне немесе 8 наурызға, 1 қазанға немесе мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне жүргізілсе, онда азамат жылына екінші рет төлем ала алмайды.
Ағымдағы жылдан бастап әртүрлі санаттар бойынша төлемдерді жинақтау заңнамада көзделмеген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1309778?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау