Шымкентте өзбек халқының мәдениеті мен ұлттық дәстүріне арналған фестиваль өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкентте өзбек халқының тілі, мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүріне арналған фестиваль өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Фестиваль аясында ұлттық өнер көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ көпшілік ақындар Абай Құнанбайұлы мен Әлішер Науаидың шығармашылығына арналған театрландырылған қойылымды тамашалады.

Мерекелік бағдарламада қазақстандық және өзбекстандық өнерпаздар ән айтып, би биледі. Фестиваль ұлттық мәдени мұраны сақтауға, ана тілін дәріптеуге және ел ішіндегі этносаралық татулықты нығайтуға бағытталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1309882?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version